Курс Алматы қаласында өтеді.
Сабақты екі кейбір деңгейде үш оқытушы кезектесіп жүргізеді. Оқытушылардың барлығы шетелде жоғары оқу орнын бітіріп келген мамандар. Сонымен қатар CELTA, TKT (Cambridge тарапынан берілетін ағылшын тілін оқытудың арнайы әдістеме курcтары) сертификаттарына ие.
Біз Англиядағы Кембридж университеті ұсынатын CELTA халықаралық стандарттарына сәйкес сабағымызды ұйымдастырамыз.
Бір қарағанда қымбат болып көрінуі мүмкін. Алайда есептесек,1 сағаттың құны 1 650 теңге, 60 сабақ 99 000 теңге болады. Аптасына үш рет өтетін қалыпты курстарда бір деңгейді бітіру үшін 5 ай кетеді, ол дегеніңіз 25 000*5= 125 000. Сіз уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да үнемдейсіз. Егер курстың басталуына 1 аптадан бұрын уақытта төлесеңіз , 10% жеңілдік аласыз (90 000 теңге).
Иә. Болады. Бастапқы елу пайызын төлеп, қалған соманы курстың үшінші аптасына дейін төлеуге болады. Ескерту: бөліп төлеген жағдайда 10 % жеңілдік сақталмайды.
Курс соңында екі түрлі құжат беріледі. Біреуі - курсқа қатысқаныңызды растайтын сертификат. Екіншісі алты апталық курс соңында тапсырған қорытынды емтиханның нәтижесі. Бұл құжатта сіздің Grammar, Vocabulary, Pronunciation, Reading, Writing, Listening, Speaking бойынша алған ұпайларыңыз көрсетіледі.
Speaking Club-тың негізгі мақсаты - тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын жетілдіру. Басқа адамдарды тыңдау және олардың сұрақтарына жауап беру арқылы өзіңіздің сөйлеу, ойыңызды жеткізу, дұрыс дыбыстау дағдыларыңызды жетілдіресіз.
Speaking Club сенбі күндері өткізіледі. Аптасына бір рет болады.
Speaking Club нақты тақырыпқа сәйкес, деңгей бойынша жүргізіледі. Әр кездесу берлгілі бір тақырыпқа не жағдаятқа арналады.
Топта ең азы сегіз, ең көбі он екі студент болады. Топта оқудың тиімділігі және өзінің артықшылықтары бар.
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті екі сағаттан өтеді. Нақты қай уақытта өтетіні деңгейіңізге байланысты. Мәселен, жоғары деңгейлер кешке, бастапқы деңгейлер таңертең болуы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын деңгейіңзді анықтаған соң нақты айта аламыз. Себебі қай деңгейде адам тез жиналса, сол топ уақыты бірінші белгіленеді.
Иә, дайындаймыз. IELTS қандай band керектігіне байланысты болмақ. Оқу алты апта болады. Бірақ уақытын оқытушымен нақтылайсыз.Деңгейіңзді анықтаған соң нақты айта аламыз.

Курс туралы

Курс

Курс уақыты

11.06.2018 - 21.07.2018

Студент саны

8-12

Уақыты

Бағасы

Жеңілдік 10%

Студенттер пікірі


Мен үшін ең қиын болған дағдылардың бірі жазу еді. Алайда курс барысында бұл дағдымды өте жақсы жетілдірдім. Бұрынғы үрей мен қорқыныштан құтылдым. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер тілдерін күрмеп, күмбірлейтін сияқты еді. Қазір өзгелердің ағылшыншасын ести бастадым. Ағылшын тілі мен үшін тек байланыс құралы ғана емес, өзімді дамыту тәсілі екеніне көзім жетті.

Думан Смақов,
редактор Factcheck.kz 21.04.2018

Маған ең ұнайтын бөлім pronunciation, себебі сөздерді дұрыс айтуға, екпін қоюға үйретеді, дұрыс дыбыстауға, қателеріңді көруге мүмкіндік береді. Меніңше 6 аптада өте үлкен прогресс болды. Әр сабақта міндетті түрде кемінде бір listening task болғандықтан осы қабілет мықты дамыды. Топта жұмыс істеу speaking дағдымды жақсартқанын байқадым.

Ботагөз Таңатарова,
маркетолог 21.04.2018

Friendly atmosphere, smart instructors, and adaptive approach, this is, how I would describe Profi Asia. All of these helped me to improve my English, meet new people, acquire new skills, and eventually, enter to one of the prestigious universities in Kazakhstan, Nazarbayev University. This school makes a huge contribution to the society, and I wish you further success.

Magzhan Amangazy,
Nazarbayev University 11.10.2016

Осы 6 апта ішінде менің грамматикалық білімім арта түсті. Себебі бұрынғыдай емес көп нәрсені түсініп жаттығуларды түсініп жасай бастадым. Бұл курсты оқу өте пайдалы және тілді тез үйренуге мүмкіндік береді.

Азиз
студент 21.04.2018

Биылғы алғашқы #challenge #6weeksEnglish курсын аяқтауым болды. 6 апта 5 күн бойы 2 сағаттан ағылшын тiлiн үйрендiк. Ең алдымен Асхат ағай (@urimtal) мен Бақытгүл апайға (@bakytgulsalykhova) алғыс айтқым келедi. 6 аптада бiздi #космосқа апарып келген сияқтысыздар. Ал #космосқа бiрге ұшқан группаластарым бiрiнен бiрi өткен керемет жандар. Қысқасы, жаңа әлем, жаңа достар, жаңа көзқарас, жаңа мүмкiндiк. #6weeksenglish

Гүлназ Сатыбалды
Журналист, PR-менеджер 22.04.2018