Курс |
|
---|---|
Деңгей |
|
Курс уақыты |
Қаңтар - Ақпан |
Студент саны |
5-8 |
Уақыты |
|
Бағасы |
|
Жеңілдік 10% |
Friendly atmosphere, smart instructors, and adaptive approach, this is, how I would describe Profi Asia. All of these helped me to improve my English, meet new people, acquire new skills, and eventually, enter to one of the prestigious universities in Kazakhstan, Nazarbayev University. This school makes a huge contribution to the society, and I wish you further success.
Қазір ағылшын тілінің курстары самсап тұр, қадам сайын орталық. Алайда, «бұл курс өзге курстардан өзгерек». Неге?
«Profi Asia» оқыту орталығы соңғы екі жылда мен үшін тек ағылшын тілін үйренетін жер ғана емес, әртүрлі сала өкілдерімен достасып, тәжірибе алмасатын әрі білгенімді жаңғыртып, білмегенімді игеретін ыстық ұяға айналды. Себебі, қолжетімді бағасынан бұрын, көңіл толар сапасы білімгерлерді баурап алады. Мамандардың өз ісіне деген ықылас-ынтасы тіл үйренушілерге де дем береді. Ұмтылдырады, құлшындырады. Студенттердің меселін қайтармайды, қайта қажыр-қайратын қамшылайды. Әр адамның жасы мен мамандығына, қабілет-қарымына қарай оқыту әдісін қолдануы – «profiasia»-лықтардың басты артықшылығы! Осы курста оқып жүріп IELTS-қа да дайындалдым. Бәрі сәтті болды деп ойлаймын. Өйткені, докторантураға тапсырған кездегі ағылшын тілінің емтиханынан ойдағыдай балл жинауым – осындағы ұстазымыз Асхат Еркімбайдың еңбегінің жемісі. Орталық ұжымына тек сәттілік
"Profi Asia" орталығындағы бағдарламаға қатысуымның себебі өте қарапайым - ағылшын тілін сәл де болса тереңірек меңгергім келді. Өйткені, күнделікті жұмыста оған уақыт жоқ.
Арнайы мұғалім жалдап, өзіңді мәжбүрлемесең қиын екен. Шын мәнінде мен белгілі бір мақалаларды талдап, сондағы кездесетін phrasal verbs, тіркестер, идиом т.б. талқылаймыз деп ойладық.Әйткенмен миымдағы көп нәрсені жаңғыртып, қайта айналымға келтірдім. Кейбір түсінбей келген нәрсені қайталаған кезде жақсырақ түсіне бастайды екенсің. Бұған қоса, жаңа ұғымдар мен сөздерді білдім.
Мен үшін ең қиын болған дағдылардың бірі жазу еді. Алайда курс барысында бұл дағдымды өте жақсы жетілдірдім. Бұрынғы үрей мен қорқыныштан құтылдым.
Ағылшын тілінде сөйлейтіндер тілдерін күрмеп, күмбірлейтін сияқты еді. Қазір өзгелердің ағылшыншасын ести бастадым. Ағылшын тілі мен үшін тек байланыс құралы ғана емес, өзімді дамыту тәсілі екеніне көзім жетті.
Маған ең ұнайтын бөлім pronunciation, себебі сөздерді дұрыс айтуға, екпін қоюға үйретеді, дұрыс дыбыстауға, қателеріңді көруге мүмкіндік береді. Меніңше 6 аптада өте үлкен прогресс болды.
Әр сабақта міндетті түрде кемінде бір listening task болғандықтан осы қабілет мықты дамыды. Топта жұмыс істеу speaking дағдымды жақсартқанын байқадым.
Осы 6 апта ішінде менің грамматикалық білімім арта түсті. Себебі бұрынғыдай емес көп нәрсені түсініп жаттығуларды түсініп жасай бастадым. Бұл курсты оқу өте пайдалы және тілді тез үйренуге мүмкіндік береді.
Биылғы алғашқы #challenge #6weeksEnglish курсын аяқтауым болды. 6 апта 5 күн бойы 2 сағаттан ағылшын тiлiн үйрендiк. Ең алдымен Асхат ағай (@urimtal) мен Бақытгүл апайға (@bakytgulsalykhova) алғыс айтқым келедi. 6 аптада бiздi #космосқа апарып келген сияқтысыздар. Ал #космосқа бiрге ұшқан группаластарым бiрiнен бiрi өткен керемет жандар. Қысқасы, жаңа әлем, жаңа достар, жаңа көзқарас, жаңа мүмкiндiк. #6weeksenglish